Oрыс тілінен қазақ тіліне аударушы
Обычаи и традиции казахов

Сусамыр – елдің жайлауы . Казахская народная песня. Слова.

  • Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
  • Сала берме көзіңді әр жақсыға.
    • Сусамыр, елдің жайлауы,
    • Өмірдің бар ма байлауы.
  • Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
  • Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.
    • Сусамыр, елдің жайлауы,
    • Өмірдің бар ма байлауы.
  • Елдік деймін, ендеше елдік деймін,
  • Сұлу қызға жарасқан белдік деймін.
    • Сусамыр, елдің жайлауы,
    • Өмірдің бар ма байлауы.
  • Сырттай ғана өзіңді білуші едім,
  • Әдейі арнап аулыңа келдік деймін.
    • Сусамыр, елдің жайлауы,
    • Өмірдің бар ма байлауы.
  • Қара күрең асау-ай, кермегім-ай,
  • Еріккенде бағатын ермегім-ай.
    • Сусамыр, елдің жайлауы,
    • Өмірдің бар ма байлауы.
  • Қанша ауыл, қанша жер кезсем-дағы,
  • Сұлу жанды өзіңдей көрмедім-ай.
    • Сусамыр, елдің жайлауы,
    • Өмірдің бар ма байлауы.
Перейти к меню казахских народных песен>>

 

Связаться с нами Вы можете по адресу sup@bilu.kz


www.bilu.kz 2012г.