Oрыс тілінен қазақ тіліне аударушы
Обычаи и традиции казахов

Сұлу қыздың сыны. Казахская народная песня. Слова.

  • Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,
  • Он алты, он жетіге келгенде жас, күнім-ай.
    • Күнде базар елім-ай,
    • Шаттық көңіл жерім-ай.
  • Пісіп тұрған жәннаттың алмасында-ей,
  • Алма мойын, ай жүзді, қиылған қас, күнім-ау.
    • Күнде базар елім-ай,
    • Шаттық көңіл жерім-ай.
  • Бір сұлу бар жаһанда шынарланған-ей,
  • Жанның бәрі сол қызға құмарланған, күнім-ау.
    • Күнде базар елім-ай,
    • Шаттық көңіл жерім-ай.
  • Сол сұлудың сипаты тілден келмес-ей,
  • Әсем тағып мойнына тұмарланған, күнім-ау.
    • Күнде базар елім-ай,
    • Шаттық көңіл жерім-ай.
Перейти к меню казахских народных песен>>

 

Связаться с нами Вы можете по адресу sup@bilu.kz


www.bilu.kz 2012г.