Oрыс тілінен қазақ тіліне аударушы
Обычаи и традиции казахов

Күміс құмған-ай. Казахская народная песня. Слова.

  • Айналайын қарағым Алтыным-ай-ай
  • Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай-ай
  • Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ай
  • Есен аман-жүрмісің жарқыным-ай-ай
    • Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай
    • Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай
    • Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай
    • Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай
  • Ай болмаса аспанда адасады-ай
  • Көтермесе көңілді кір басады-ай
  • Жақсылардың кеудесі алтын сандық-ай
  • Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай
    • Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай
    • Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай
    • Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай
    • Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай
  • Ауылымның қонғаны белтұрғанда-ай
  • Қайын ағаш майысар жел тұрғанда-ай
  • Күн мен айын біреудің неғылайын-ай
  • Қарсы алдымда күлімдеп сен тұрғанда-ай
    • Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай
    • Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай
    • Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай
    • Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай
Перейти к меню казахских народных песен>>

 

Связаться с нами Вы можете по адресу sup@bilu.kz


www.bilu.kz 2012г.