Oрыс тілінен қазақ тіліне аударушы
Обычаи и традиции казахов

Қалқатайдың дауысы-ай. Казахская народная песня. Слова.

  • Аралаймын, ауылыңды тарланменен,
  • Қарамайсың, қасыңа барғанменен.
  • Ойнамаймын, күлмейін десем-дағы,
  • Өтіп барады жас дәурен арманменен.
    • Тайбурылдың шабысы-ай,
    • Сәйгүліктің дабысы-ай,
    • Көкейімнен кетпейді-ай
    • Қалқатайдың дауысы-ай.
  • Бетер деймін, ендеше, бетер деймін,
  • Осы бүгін көңіліңді көтер деймін.
  • Осы бүгін көңіліңді көтермесең,
  • Ойнағаның, күлгенің бекер деймін.
    • Тайбурылдың шабысы-ай,
    • Сәйгүліктің дабысы-ай,
    • Көкейімнен кетпейді-ай
    • Қалқатайдың дауысы-ай.
  • Тауып алдым аққудың жұмыртқасын,
  • Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын.
  • Өлең айтпай біз қалай отырамыз,
  • Сіздер менен біздер боп жолыққасын.
    • Тайбурылдың шабысы-ай,
    • Сәйгүліктің дабысы-ай,
    • Көкейімнен кетпейді-ай
    • Қалқатайдың дауысы-ай.
Перейти к меню казахских народных песен>>

 

Связаться с нами Вы можете по адресу sup@bilu.kz


www.bilu.kz 2012г.