Oрыс тілінен қазақ тіліне аударушы
Обычаи и традиции казахов

Гауһар тас . Казахская народная песня. Слова.

  • Ажарың ашық екен атқан тандай
  • Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай
  • Анаңнан сені тапқан айналайын
  • Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай
    • Беу-беу гауһар тас
    • Құсни, құрдас
    • Раушан жүзің көргенде
    • Сәулем-ау, сабырым қалмас
  • Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан
  • Шолпандай таң алдында жалғыз туған
  • Жылы су, қолда құман, қарда орамал
  • Жібекпен қызыл гәріс белін буған
    • Беу-беу гауһар тас
    • Құсни, құрдас
    • Раушан жүзің көргенде
    • Сәулем-ау, сабырым қалмас
  • Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң
  • Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң
  • Жай жүріп шаттанасың әсерленіп
  • Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған
    • Беу-беу гауһар тас
    • Құсни, құрдас
    • Раушан жүзің көргенде
    • Сәулем-ау, сабырым қалмас
Перейти к меню казахских народных песен>>

 

Связаться с нами Вы можете по адресу sup@bilu.kz


www.bilu.kz 2012г.