Oрыс тілінен қазақ тіліне аударушы
Обычаи и традиции казахов

Әпитөк. Казахская народная песня. Слова.

  • Қамысы әупілдектің мүше-мүше
  • Сарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөк
  • Қос қанат құсқа біткен маған бітсе
  • Бармас пе ем сәулетайға әлденеше, әпитөк
    • Сөйлесуге тіл-хат жоқ
    • Өздеріңдей бір зат жоқ
    • Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
    • Туған екен сол перизат асыл тек
  • Басында әупілдектің мұнары бар
  • Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк
  • Құрбылар бұл қалай деп сөге көрме
  • Ғашықтың тарқалмаған құмары бар, әпитөк
    • Сөйлесуге тіл-хат жоқ
    • Өздеріңдей бір зат жоқ
    • Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
    • Туған екен сол перизат асыл тек
  • Басынан әупілдектің мұнар кетпес
  • Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк
  • Кебістің жалаң аяқ басын киіп
  • Ей қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк
    • Сөйлесуге тіл-хат жоқ
    • Өздеріңдей бір зат жоқ
    • Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
    • Туған екен сол перизат асыл тек
Перейти к меню казахских народных песен>>

 

Связаться с нами Вы можете по адресу sup@bilu.kz


www.bilu.kz 2012г.